ru
Free
Findyourb.com

54. Арман Әлменбет: «Кітап нарығы: бізде неге жоқ?»

Listen in app
Кітап дүкендерін аралап, американдық әйгілі кәсіпкерлердің табысқа жету тарихы туралы мемуарларын көріп, қазақ тілінде бизнес әдебиеттің жоқтығына намыстанған Арман білек сыбана бұл мәселені өзінше шешуге кіріседі. Қарағандылық кәсіпкер Ерлан Әшімнің табыс жолын баяндайтын “Берекелі бизнестің сыры” атты кітапты жарыққа шығарады. Қазақтілді ортада бұл біраз резонанс туғызып, тіпті біреулер баспагер Арманның пайдакүнемдігін де сөз ете бастайды.

Бұл эпизодта біз Арманмен кітап нарығы, осы нарықтағы қазақтілді сегменттің дамуы және сұранысын, одан ауыл жастарының бүгінгі күйін, шенеунік боламын деген замандастарымыздың образын да әңгіме еттік. Арман тіл маманы болғандықтан қазақ тілінің қазіргі хәліне қатысты назын да ақтарды. Қазақша сөйлей алмайтын, бірақ рухы қазақ Олжас Сүлейменовті айта келе, өзін ана тіліне қатысты консервативті ойлайтын адамдардың қатарынан көретінін де жасырмады. Кейде тілге қатысты әріптестеріне ауыр сын тағатын Арманды тағы не мазалайды? Эпизодтан тыңдаңыздар!

Подкаст жүргізушіcі: Зарина Буенбаева

Дизайн: Мариям Тоқанова

Подкастты Patreon-да қолдау

Подкаст туралы толық ақпарат
0:57:20
Publisher
Findyourb.com
Publication year
2019
Have you already read it? How did you like it?
👍👎
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)