bookmate game

Жүсіпбек Аймауытов

  • Laura Berdikhojayevahas quotedlast year
    ауызға алуға бір адамның тілі бармады. Өйткені ол жара атын атауға адамның аузы жиренетін жара еді, ол жалғыз Мамырбайға емес, бәріне де намыс, қорлық, масқаралық ед
  • Asanbek Berikovhas quoted19 days ago
    Алтай елі — алтай жазы тау еркесі — киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалына сайран етіп жатқаны. Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау құт сорғалап, көнек-көнек лықылдайды; қара саба емізіктеп, қою, салқын, сары қымыз, быжылдаған дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды. Бір шарасын ішкен адам дәл хор қызын құшқандай боп, бегі шиқан дуылдайды; ауызы қобыз гуілдейді; мас болады, жас болады; жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүрсілдетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс асыр салып жатқаны.
  • Asanbek Berikovhas quoted19 days ago
    Кеп онда емес-ау, жарандар! Бері қараңдар, құлағың сал! Тыңдаушылар анталаса, кеп құрайын бір тамаша. Ертегі емес, ертеде емес, ұзын да емес, келте де емес, қарапайым қара сөзбен бір әңгіме шертейін. Қысыр сөзді қысқартайын, әңгімеме жол тартайын. Өлең сөзге олақ едім, күйлі емес деп қомсынбаңдар.
  • Asanbek Berikovhas quoted19 days ago
    Ойға алғанын істемеген жігіт, жігіт пе?
  • Asanbek Berikovhas quoted19 days ago
    Жұмбақ нәрсе адамды құштар қылмақ қой.
  • Asanbek Berikovhas quoted19 days ago
    ақ төсіне арам денені ойнақтатып, ашылмаған қауынын арам пышаққа жарғызғаны ма?
  • Laura Berdikhojayevahas quotedlast year
    Жер де айғай, көк те айғай. Тау күңгірлеп, тас шықырлайды.
  • Laura Berdikhojayevahas quotedlast year
    — Рас айтасыз, әйел іздесе, Қарашат маңында ел бар емес пе? Бәрін қылатын қазақтың өзі ғой. Кімнің несі барын орыс қайдан білуші еді, — деп жүптесті. Өздерінің берекесіздігіне, намыссыздығына, бірін-бірі аямайтындығына көздері жеткендей болып, біраз ежелесіп, басылған кезде
  • Jansaya Sayahas quoted3 months ago
    Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі — жас түлегі, айы-күні – сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп, қызыл, жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген ед
  • Jansaya Sayahas quoted3 months ago
    Көп күліп жатқанда, біреу сазарып отырса, оның жаны жұмбақ қой. Көп мұңайып отырғанда, біреу күліп отырса, оның ажары да көңілді бұрмақ қой. Жұмбақ нәрсе адамды құштар қылмақ қой.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)