Қабдеш Жұмаділов

  • b2341084141has quoted2 years ago
    Үй иесі әйел осынын алдында ғана бас жуып, енді тарануға отырса керек. Сәкен кіргенде, тарқатылған дымқыл шашын төгілдіре терезе алдында тұр екен. Әйелдің көрікті ақша жүзін көмкерген қара шашы толқынданып, құс қанатындай екі иығын жауып тұр.
  • b2341084141has quoted2 years ago
    Осындай кештерде Сәкен үнемі Хадиша қасында болды. Екеуі жұбын жазбай, алтыбақанда отырып тербелгенде, өзіне қараған Хадиша көзінен жарқылдаған бір от көруші еді. Кейде бұлар жұрттан оңаша шығып, аяққа оралып ойнаған көк шалғынды жара, бел асып кететін. Сондай шақтарда Хадиша мұның мойнынан қатты құшып тұрып:

    — Сәкен, сіз мені ұмытпайсыз ба?.. — деуші еді.

    — Сен сияқты періштені ұмытуға бола ма екен, — дейтін жігіт ойланбастан, жөне сол сөзін дәлелдеген адамша, бүлдіргендей уылжыған еріннен тоймай сүйе беретін, сүйе беретін...

    Ия, ол күндері бұл екеуі өз қылықтары үшін ешкімге есеп беріп көрген емес. Бастықпаған асау жастық шақ нені бұйырса, соны орындаған. Бұлар үшін сол сәттерде тек махаббат қана жер дүниені жеке билеп тұрғандай болатын. Осынау жасыл аспанның астында бұлар да бір кезек дәурен сүріп, ата-баба жоралғысын жасаған. Бірақ махаббаттың бал шарабын бастарына көтере сіміргенде, түп жағында не жатқанын бұлар сезген жоқ.
  • b2341084141has quoted2 years ago
    Сонан кейін не болады?.. (Сәкен орнынан аунап түсті). Сол жылы қыста ол ауылға қайтпады. Жана жыл кешінде, тағы бір жарық айлы түнде басқа қызбен табысты..
  • b2341084141has quoted2 years ago
    қызбен кім жүрмейді, жұғысып кетсең-ақ, алуын керек пе екен? Оқымаған балалы әйелге шырмалып қайтем», деп, өзінше бір бәтуа тапты.
  • b2341084141has quoted2 years ago
    Хадишадан келген барлық хатты өртеп жіберді..
  • b2341084141has quoted2 years ago
    Жабулы қазан жабулы күйінде қала берді
  • b2341084141has quoted2 years ago
    Келесі жазда ауылға барғанда, Хадиша шешесі мен жас баласын алып, басқа жаққа көшіп кеткенін естіді. Қайда баратынын айтпастан, бір түнде ғайып болған..
  • b2341084141has quoted2 years ago
    Балам, — деп бастаған әкесі ашуланғандағы әдетімен мұртын тістелеп отырып, — осында сен туралы өсек тарап жүр. Хадиша қолда өскен бала еді. Шешесі байғұс заманнан бергі көршіміз болатын. Күйеуі соғыста өліп қалғанда, жалғыз қызын аузына тістеп жүріп өсірген. Егер сол бейбақтарды сенің қор еткенің рас болса, менен тумай кет! Илайым, екі дүниеде оңамын деп ойлама! — деп зекіп, ұрыса отырып, — егерде сондай бір ақымақтық іс өткені рас болса, Хадишаны көшіріп әкеліп, қолымызға келін қып түсірейік, — деп ауыр салмақ салған.

    Алайда, Сәкен «ақпын да саумын» деп ант-су ішіп, екі қолын төбесіне қойды. Әке алдында мойындамай кетті.
  • b2341084141has quoted2 years ago
    Үш-төрт жылдай семьялы өмір кешті. Бірақ бұл өмірдің өзі соншалық ғажайып шеберлікпен қиюластырылған ғой. Сәкен Хадишаға қандай сыбаға көрсетсе, алған әйелі Сәкенге одан екі есе асып түсетін сый табақ тартты. Ақыры екеуі айрылысып тынған.
  • b2341084141has quoted2 years ago
    «Иә, сәби жүрегі шынында, бірдемені сезген ғой. Қасынан өтіп бара жатқан опасыз әкені танып, әдейі тас атқан шығар. Өзінің кішкентай жүрегі қандай шерлі? Сол балалар есейгенде не ойлайды екен?.. Адамға сене ала ма енді олар? Сенбесе, сөгесін бе?..»
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)