Мынаны талқандап сындырған сен ғой, бүлік, — деп Шоқан Жақыпқа қарай бет алып еді, апасы:
— Шоқанжан, оны мен бағана шығартып тастадым. Қайтесің жаман балшықты қызықтап, өзі үгіліп кілемді топырақ қылып тастапты, — деді.
— Апеке, ол жай балшық емес мүсін ғой. Өнер ғой, — деп Шоқан қабағын түйіп, тұрып қалды.