bookmate game
kk
Әнуар Әлімжанов

Махамбеттің жебесі

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • b8510353013has quoted3 years ago
    Бесіктер шешілді. От жағылды. Аш балаларға тамақ берілді. Су ысытып, жаралыларды таңды. Қар болса, қорқыныш пен уайымды ұлғайтып, тоқтамай жауа берді, жауа берді...
  • b8510353013has quoted3 years ago
    Мен мұндамын, қалмаңдар!— деп айғай салды Исатай. Достары оны қылыш пен оқтан қорғамақ болып тұра ұмтылды. Махамбет қасында келеді. Жантас, Ноян, Ерсары бастаған жігіттер алға озып, жолды кескендермен кескілесіп кетті. Ноян жараланып құлап түсті. Жантас, Қалдыбай, Ерсарылар жанталаса шайқасып, Ноянға жетпек болып жүр. Төлеңгіттер мен қазақтардың тар қыспағына тағы да бірнеше сарбаз түсті. Солармен бірге Исатайдың баласы Жақия мен Махамбеттің інісі қалды. Исатай мен Махамбет оң жақ қанаттан, капитан Шустиковтың жүздігі тұрған тұстан сытылып шықты.
  • b8510353013has quoted3 years ago
    Нағыз жаужүрек жігіттер Исатай мен Махамбетті арт жақтарынан қорғаштап келеді.
  • b8510353013has quoted3 years ago
    адам, он адамнан бұзып шығып, жан-жаққа тарай бастады.
  • b8510353013has quoted3 years ago
    Кетіңдер бәрің де!— деп бар даусымен айғай салды Исатай. Ұйтқып соққан ақ құйын оның соңғы сөзін барлық жігіттерге жеткізді.
  • b8510353013has quoted3 years ago
    Ұстаңдар тірідей!— деген жарлық естілді қазақтар мен төлеңгіттердің қалың тобынан.

    — Исатай кәпірлердің ішінде жалғыз қалды!— деген Қалдыбайдың даусы шықты.
  • b8510353013has quoted3 years ago
    Жазыққа, жазыққа шығыңдар, бауырларым!—деп айғайлады Махамбет Исатайдың қасында шайқасып жүріп.
  • b8510353013has quoted3 years ago
    Исатай мен Махамбет басқаларды құтқару үшін өз бастарын өлімге тіккен жүз батырмен бірге соғысып жүр.
  • b8510353013has quoted3 years ago
    Әйелдер мен балаларды жау шебінен бірінші болып өтетін жігіттер ортасына алды. Олардың арасында Исатайдың баласы Жақия да бар. Жасы он алтыға жаңа ғана толған, содан да сардардың достары оны шайқасқа жібермейді. Міне, Жақия ат үстінен еңкейіп, бесігінде қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан інісінің бетінен сүйді де, алға шығып, жүз батырдың сапына, Мұсаның қасына барып тұрды. Екеуі де бүлдіршіндей жап - жас, әп-әдемі. Біреуі — әкесіне, екіншісі — ақын ағасына күлімсірей қарайды. Сардар да, Махамбет те сөз қатпады. Тек әйелдері ғана парлаған көз жастарын үнсіз сүрте берді.
  • b8510353013has quoted3 years ago
    Жүз батыр алға шықты. Іштерінде Қалдыбай, Ноян, Ерсары, Жантас пен Балабек бар. Махамбеттің қос інісі — Иса мен Мұса да осында.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)