kk
Пользователь Windows

Unknown

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • Aygerim Zhapishevahas quoted3 years ago
    Тарихта жүрегі жұмсақ хандар елін дұрыс басқара алмаған ғой. Бұған кешегі өткен Болат пен Əбілмəмбетті, арғыдан Еділ мен Сұлу тəңірқұтты айтсақ та жеткілікті. Еліне аса мейрімділікпен қарағаны үшін сол тұрпайы заманда Сұлу патша жақсылық көрді ме, өз қоластындағылардан қаза тапты емес пе.
  • Aygerim Zhapishevahas quoted3 years ago
    Моңғолдардың шежіресі бойынша хиад, хиадтан боржиғын тарайды, бұл ру Шыңғыстың туған руы болады.
  • Aygerim Zhapishevahas quoted3 years ago
    Қазіргі кей қазақ басылым тілін өзің жақсы ұқпай отырып, оны өзіңнің жақсы білетін екінші бір тілге аударып салыстырып оқысаң онда нақ қызықтың басталғаны сол, не екені белгісіз, шешен болғысы келе ме, өте ойшыл болғысы келе ме, əйтеу жай қарапайым тілмен түсіндіре салатын нəрсені тым жасанды күрделі қылып жібереді де, ақыры не екені белгісіз бір қойыртпақ «бірдеме» шыға келеді.
  • Aygerim Zhapishevahas quoted3 years ago
    Əсіресе саяси-қоғам, ғылыми тақырыпта жазылған шығармаларды оқып көрші, оны нағыз қазақ түсінетін жағдай жоқ, оны мен сияқты емес «басқа» қазақтар түсінетін сияқты. Бір кез біздердей байғұс бүйтіп алыста қаңғып жүргенде қазақ тілі осыншама дамып озып кетіп, біз ұқпайтындай халге жеткен бе деп те ойлайсың.
  • Aygerim Zhapishevahas quoted3 years ago
    Аспанмен тірескен зəулім құрылыстар өркеннің белгісі əсте емес. Ондай биік құрылыстар қара құрлық Африкада, айталық Кенияның астанасы Найробиде де бар көрінеді. Бірақ биік құрылыс көптеп салған Кенияны ешкім өркенді ел демеді.
  • Aygerim Zhapishevahas quoted3 years ago
    Ресейдің Сарытауында, Астраханның Алтынжарында əйгілі Құрманғазы атамыздың, Өзбектің Тəшкенінде төбе би Төленің, Науаидің Нұратасында əйгілі Əйтеке бидің, Самарқанда алшын Жалаңтөс баһадүрдің, Нөкісте адай Ерқосай батырдың, Хорезмде Сырым батырдың сүйегі қалды ғой. Қала берді Шығыс Түркістандағы ұлы Оспанның рухын қайтеміз.
  • Aygerim Zhapishevahas quoted3 years ago
    Осындай ұлан байтақ жерге сонау жаугершілік заманда жай бір қарапайым халықтың ие болып қалуы мүмкін емес-ті, демек бұған қазақтай қайсар жауынгер халық ғана ие болары əбден белгілі емес пе, бұндай кең байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап бізге аманат еткен ұлы бабаларға қалай риза болмайсың.
  • Aygerim Zhapishevahas quoted4 years ago
    Түрік атауы өктем билік, өктем өкімет (түр, өк деген қос сөзден шыққан) деген мағынаны білдіреді.
  • Aygerim Zhapishevahas quoted4 years ago
    Түріктің соңғы хағаны 744 жылы ұйғырлар (тоғыз-оғыз) тарапынан қаза тапты. Осымен билік ұйғырларға өтіп соңғы түрік хағандығы құлады, бүйткен ұйғырларды артынан қырғыздар құлатқан еді. Ал қырғыздарды кидандар құлатқан-ды.
  • Aygerim Zhapishevahas quoted4 years ago
    Қазақтың арғын, қыпшақ, үйсін, керей, найман сияқты көптеген тайпасының яғни көк түріктің арғы тегін тікелей осы ғұндардан таратады.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)