kk
Free
Мархабат Байғұт

Асқазаны ауыратын адамдар

17 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Impressions

  • Ахметова Айяshared an impression6 years ago
    👍Worth reading

Quotes

  • Сезім Мергенбайhas quoted8 years ago
    АСҚАЗАНЫ АУЫРАТЫН АДАМДАР
    Қай жылы екенін айтпаймын.
    «Сарыағаш» санаторийінде бір қыз келіп танысты.
    Мына маған.
    Өзі.
    Маусым айы жаңа басталған. Алтыншы корпустың шығыс жағындағы әлі игерілмеген жон-жонастың үсті де, қос қапталы да қаптаған жылқы желкек. Таң бозарып атқанда тап-таза ауаға шықсаң ше, ақбөріктеніп қарсы алады. Желкек біткен жайнаңдап. Асқазаның ауырмай қалады.
    Ертеңгілік емдәмге бара жатқаныңда айналып тағы қарайсың. Ақбөріктілерге. Сиыр сәскеде, ем-домнан оралғанда және де жон-жонастың жиегінен мойын созасың. Айкөріктілерге. Маусымның майсаң шуағына маужырап, байсал тарта түсетіндей. Жылқы желкектердің кейбіреулері. Жас байталдай байыз таппай бас шұлғып, шыдамсызданатындары да аз емес. Ара-араларында. Тұла бойларындағы тұмса бүртіктерінен уыз дертіп тұрғандай сезілерін қайтерсің-ай, қайтерсің.
    Санаторийдің ем-домы мен емдәмі, шипалы суы ғажап-ақ. Осылардың бәріне қоса желкектермен де жайдарманданып, жазыла бастағандайсың.
    Алтыншы корпус шеткерілеу. Жай-жағдайы жұпынылау. Жолдамасы арзандау. Қарапайымдау, қатардағы емделушілер мен демделушілер жатады.
    Кіріп-шығып жүргендер жоқтың қасы. Бәрі дерлік асығып-үсігіп ем алуға жөнеген.
    Желкектеріме қол бұлғап қойып, бұрыла бергенімде, нан жиде аталатын нән жиденің арғы жағынан ақ қалпақ киген қыз көрінген. Кідірмеске шамаң жоқ. Ақ қалпақты қыз алғашқыда айкөрікті желкектермен араласып адастырған. Құндыздайын құлпырған шаңқан шанақтарымен құраласып құрмаласқандай көрініп, қиналысқа қамаған. Сәлден соң ғана қалың желкектен және биік шашыратқыдан гүлқайырдайын өзгешелене, өңдене бөлініп шығып, маусымның мамық соқпағымен маған қарата аяңдаған. Басында дөңгеленген ақ қалпақ. Үстінде жеңдері жеңіл желпеңді, етегі елпең желпейлі, жұп-жұқа ақ көйлек. Кеудесіне кітап қысып алған, иә-иә-иә, кәдімгі кітапты кеудесіне қысқан қыз келе жатты.
    Жымиып, жақсы бір танысын көргендей жылуарлы амандасқан.
    Таңырқап, тамақ құрғаттым. Асқазанның үстіңгі жағы сыздап, түпкі тұсы мұздаған. Сілемейлі қабатының қабынғанынан шығар, сілекейім бөлінбей, тілім тұтыққан. Қыз-дағы қатты қызарған. Оның-дағы онша мазасы жоқ-ау. Соншалықты сұлу бола тұра солай сезілген. Жанарлары жасаурап, ұзын-ұзын кірпіктері жыпылықтаған. Қызғалдақтан сәл-пәл ғана күреңітіп көрінер көркем еріндерінің көбе-жиектері кезеріңкіреген екен. «Ай, айналайын-ай, а?! Сенің де асқазаның ауырады екен-ау...» Дегім келген. Демегем. «Дертіміз бір екен ғой». Демек ем. Дей алмағам.
    Біреу білер, екеу білмес. Біздің қазекең асқазан мен жүректі қатты шатастырады. Бағзыдан бері. Бұрыннан-ақ. Білмегендіктен емес. Жүдә жақсы біліп тұрып-ақ сөйтеді. «Жүрегім жаман боп тұр», — дейді. «Жүрегім айнып, лоблып, біртүрлі бейтаптанып отырмын», — дейді. «Жүрегім сазып тұр», — дейді. Осындағы жүрек дегендерінің бәрі асқазан екені айдан анық. Мұндай-мұндай мысалдар жетіп-артылады. Ұзын сөздің қысқасы, қазекең асқазанның орнына жүректі жұмсай беретіндей. Жүрек шіркінді асқазан деп түсінетіндей. Соған қарағанда ше, басқа ұлттарды қайдам-ау, қайдам, біздің қазекеңнің жүрегі мен асқазаны әлдебір нәрселер арқылы емес, тікелей жараса жалғасатын, ұнаса ұласатын сияқты. Мұны медицина саласындағылар біле ме, білмей ме? Түсіне ме, түсінбей ме? Бұл – өз алдына бөлек мәселе.
    Алтыншы корпустың алдында, сәл ғана секөндтердің ішінде, «Сарыағаш» санаторийінің, күллі курорттың көлемінде бір аптаның бойында көрінбеген көктем жаратылыстың жанында осындай-осындай ойлар зуылдай зыңылдатқан. Зуаладай басымды.

On the bookshelves

fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)