Жеті айдан кейін менің ең соңғы хатыма жауап келмеді. Мен де қайтып хат жаза қоймадым. Осылайша арамыз үзілген еді. Кейін ауылға келгенде естідім: Сәуле көрші колхозда тұратын біреуге тұрмысқа шыққан екен. Жүрегімде ауыр мұң пайда болды. Мен оны сүйетінімді сонда ғана сездім. Амал не?.. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген ғой.