kk
Free
Сәбит Мұқанов

Батыр қыз

  • Санжар Жумаханhas quoted2 years ago
    жобасы ұқсағаны болмаса, бұл ЬІбырайым бұрынғы көріп жүрген Ыбырайымы емес, бұның бұрынғы күлкішіл жұмсақ, майда кескінінің еті кәзір түйір -түйір боп бұлшықтанып, толқынды судың бетіндей қимылдап кеткен; бұрынғы қара сұр келбеті күреңденіп лаулап жанған жалынның түсіне көшкен; бұрынғы шүңіректеу көзі қазір сыртына теуіп, жауға атылатын минадай сүйрие қалған, қырыстана тыжырынған бет етімен бірге кейін қарай керілген еріндерінің арасында пулемет лентасындағы оқтай тізілген жалпақ, ұзын, сиректеу ақ тістерінен тасты тасқа үйкегендей шықыр естіледі;
  • Санжар Жумаханhas quoted2 years ago
    – Аянышты қаза! – деді бір кезде, – сонымен қатар қуанышты, – отанымыздың тарихына тағы да бір батыр қызының аты алтынмен жазылатын болды. Бұл қызды біз «Совет Одағының батыры» атағына ұсынамыз
  • Санжар Жумаханhas quoted2 years ago
    Әбілхайыр қыздың денесін жеңіл көтергенмен, пулемет замогіне жабысқан саусағын тез жаза алмады,– қарысып қатып қапты.
  • Санжар Жумаханhas quoted2 years ago
    армия қолбасшысы генерал-лейтенант Галицкий де келе жатты, қасында полковник Әбілхайыр Баймулдин.
  • Санжар Жумаханhas quoted2 years ago
    Оның басында қалған батыр ойдың болмашы сарқыны, денесіне «атуды доғардым» деген хабар емес, «үдеттім» деген хабар жеткізді. Шалағайлау түс сияқты ғана ойлауға шамасы келетін оның, миында «немісті қыруым үдеді» деген мақтаныш, сау кезінен анағұрлым есіп кетті.
  • Санжар Жумаханhas quoted2 years ago
    Оқиғаның ендігі егжей-тегжейін кейінгі күндердің сыбағасына сақтап, қайғылы күйдің қайырмасын ғана ойнайық.
  • Санжар Жумаханhas quoted2 years ago
    «Апырау, не болған маған!» деген оймен ауырған аяғын ашып көрсе, тізеден төменгі жағы былқылдап бос жатыр... Жиырылған еттен қан сорғалап ағып тұр...
  • Санжар Жумаханhas quoted2 years ago
    Бұл арада бүкіл кеңес армиясы өзіммін,– дегем тәкаппарлық ой кеп кетті оған,– егер мен осалдық көрсетіп жеңілсем, армияға сенген ел маған не айтады, мен оларға не айтам?» Бұл сұрау тірі өзімді түгіл, өлі аруағымды да қара жүзді қылмай ма? Қара жүзбен бүгінгі замандастарым түгіл, ертеңгі ұрпаққа, тарихқа не бетіммен қараймын?..»
  • Санжар Жумаханhas quoted2 years ago
    белуарынан бөлінген адам кеудесінен шұбала шығып жатқан ішек - қарын!.. Бөксе жақ жоқ!.. Басына қараса... Терентий...
  • Санжар Жумаханhas quoted2 years ago
    Терентийдің... жылдан аса бірге болған жандай жолдас Терентийдің... отан соғысында екі рет награда алған, төрт рет жараланған Терентийдің мынадай қазаға ұшырауы жас жүрегін жидіте елжіреткен Мәншүк, оның бетіне бетін тақап, дірілдеген дауыспен «Те-рр-р-реш-к-ка-а-а!» деп еңіреп қоя берді.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)