bookmate game
ru
Міржақып Дулатов

Бақытсыз Жамал

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның «Бақытсыз Жамал» атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. «Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
This book is currently unavailable
47 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Impressions

  • Нурсултан Женисовshared an impression8 years ago
    👍Worth reading

    Өте керемет əсер алдым, автор қазақ халқының қыздарының атынан жазғандай , жігіттер қыздарымызды сыйлайық

  • b1035221125shared an impression8 years ago
    🐼Fluffy

    Мне понравился роман. Жамал и Гали. .. жалко их

  • Tursynai Aldievashared an impression8 years ago

    Міржақып Дулатұлының "Бақытсыз Жамал" кітабы өте ұнады. Жылатып жіберді.

Quotes

  • b4130058784has quoted9 years ago
    Cөз басы ............................................................................................................................................... 4
  • Anna Potehinahas quoted9 years ago
    Әдеби KZ
    Міржақып Дулатов - ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, Алаш
    қозғалысының қайраткері болған азамат. Осы жолда ақындық, жазушылық аудармашылық,
    журналшылық қабілеттерін барынша пайдаланған. Алғашқы қазақ романы - «Бақытсыз
    Жамалдың» авторы. Жалынды үнге, жігерлі шақыруға толы «Оян, қазақ!» кітабын шығарып,
    қуғынға түскен.
    Бұл еңбекті белгілі әдебиет тарихын зерттеуші ғалым Ербол Тілешов: «Сөйтіп, Алаш қалам
    қайраткерлері қазақ әдебиетінің ұлт-азаттық идеяны мұра тұтқан ояну дәуірінің жаңа беттерін
    ашты. Бұл мазмұны жағынан да, бейнелеу мүмкіндіктері
  • Aidyn Rakhymzhanhas quoted9 years ago
    Өткен қыс шаруаға жеңіл болғандықтан мал күйлі, бие ішті болып, Көктал қыстаған
    Құрмандеген атаның ауылы жылдағыдан жайлауға ерте шығып еді. Екі ауылнай елдің жайлауы
    Саумал-көлге жағалай ауылдар қонып, былтырғы жүрттарына үй тігіп, көпұзамай бие де
    байлады. Қыстай бір-біріне араласпаған ағайындар сағынысып, қашаннан астас, тойлас болған
    ғадеттерінше бір ауылды бір ауыл ерулікке шақыра бастады. Бозбалалар аралап қымыз ішеміз
    деген болып, тәуір киімдерін киіп, жақсы аттарын мініп, қызды ауылды қырындап жүрулері
    көрініп, балалар да асау тайларын үйретпекке еді.
    Бір күні түс кезінде көлдің жел жағынан шаңдатып шауып келе жатқан бір орыс, бір қазақ
    көрінді. Балалар қашып үйге тығылып, үлкендер бұл екеуі қайда тоқтар екен деп тұрғанда,
    барды да Бекжан деген ауылнайдың үйіне түсті. Жарты сағат болмай-ақ, сол жайлаудағы елге

On the bookshelves

fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)