kk
Free
Сәбит Мұқанов

Балуан Шолақ. Повесть

  • Ali Gazizovhas quoted5 years ago
    шапқын кетті. Үйді - үйіне тарқаған жұрттың аузындағы сөздері:
    — Егер
  • b8356700819has quotedlast year
    Терентий Диякович Долгоносовтың
  • b0831639105has quoted2 years ago
    Шолақ пен Балқашқа ризалық тілектерін айтып, жөнелуіне рұқсат етті.

    Күн ол кезде жаңа ғана шашырап шығып келе жатыр еді. Күннен тармақтанған алтын сәулеге бөленген екі жас «Әрида қалқаш» әніне қосылып жортып кетті
  • b0831639105has quoted2 years ago
    замандасым, сен — маған қыздан қымбатсың. Алып қалам десең қыздың серті менің мойнымда болсын, әне, сайда тұр, барыңдар да қайтарыңдар!..

    — Әу, жігіттер, — деді біреуі сол кезде, — түкке тұрмайтын намыстың керегі не? Балуан Шолақ боп тусаңдар кім қой деді сендерге? Бір қызды Балуан Шолаққа қимаймыз ба? Қалған қыз да жетпей ме қалыңға сатуға? Қызды қайтарып апарғанда не дейсің? Тартып алдым дейсің бе? Одан да, Балуанды осынша дарақыланып қуған айып бойымызға құт, соны жүктейік те қайтайық!

    Бұған ешкім қарсы бола алған жоқ. Жол айтқан жігіт Шолақтың Ақбозын мініп барып қызды ертіп, аттары
  • b0831639105has quoted2 years ago
    Жаяуда да әліміз келмес деймісің, — ұстаңдар! — деп манағы ең алғаш сайысқан жігіт қоразданып еді:

    — Шіркіннің ерін - ай!—деді біреуі оны кекетіп,— бар байлап ала ғой, мықты неме! Өзгеміз аттан осалдықпен түскен болармыз. Сенің қапың бар шығар!

    Ана жігіттің қарығы басылып қалғандай болды.

    — Мұнымыз той тарқардағы аударыспақ сияқты ойынымыз емес пе? — деді Шолақ, — айтыңдаршы, қайсыңның тұщы етіңе ащы таяқ тигіздім.

    — Таяқ тигізбегені құрысын, бұдан да ұрып өлтіріп кеткені жақсы еді, — десті біреулер.

    — Ал, жігіттер, құдай ойын - күлкіден айырмасын. Қыз шіркіннің көңілін қимайтын әдетім болушы еді, соным ұстап, бір қыздарыңды алып қашқаным рас, бірақ, құрбы
  • b0831639105has quoted2 years ago
    ғой, қолдарына бір іліксең жібермейді...

    — Көр, қалай жібергенін!..

    — Өтінем, Балуан!—деп қыз тізгініне жармаса беріп еді:

    — Босат тізгінді! — деді Балуан дауысын көтеріп. Қаймыққан қыз жаутаңдаған көзбенен тізгінін босатқанда:

    — Мен сені ерге — ер, серіге — сері десем, сен осылай ма едің? — деді Шолақ,— Ер жігіт қайралған қылыш емес пе еді? Оның жүзіне неге қол апарасың?

    Қыз тұрып қалды. Шолақ құйындатып тартты да кетті. Бұл кезде аттан түскен жігіттер де бір жерге жиналған еді.

    — Салт тұрып сөйлессем сөгерсіңдер, құрбылар!—деді жігіттерге жақындағасын Балуан атынан қарғып түсіп, жаяу барып, — ал ұстаймын десеңдер, мен міне, келіңдер
  • b0831639105has quoted2 years ago
    Құп болады, — деді Балуан.

    Қызды сайда тұруға көндірген Балуан Шолақ, Ақбозын ойнақтатып төбенің басына шыға келді. Бұл кезде таң аппақ боп, аспанның шығыс жақ жиегі сарғылттана бастап еді.

    Шапқыншылардың алдында оғашырақ біреу далақтап келеді. Зады Шолақты танып келе жатқан сияқты,— сойылын көлденең ұстап:

    — «Аттан түс!.. Түс аттан»—деп қиқулайды.

    Шолақ оған қарсы ұмтылды. Екеуі айқаса бергенде, жігіттің сілтеген сойылын Шолақ жұлып алып, аттың екпінімен ағып өтіп кетті де, іле қайта бұрылып, жігіттің түп етегінен қапсыра алды. Жігіт қиялай тартып, беріспеуге тырмысып еді, Шолақтың қуатты қол күші еркіне жібермей, тартқан жағына еңсере аударып әкетті де, өңгеріп апарып жерге тастап кетті. Аты ойнақшып бетімен шыға берді...

    Кейіннен жеткендерін де осы әдіспен аттарынан аударып, біраз сайысқаннан кейін қуғыншыдан ат үстінде ешкім қалмады.

    Ойнақтаған бос аттардың бәрін Шолақ сайға айдап түсірсе, қайратына сүйінген қыз, атына мініп бері келе жатыр екен.

    — Сен мынау дөңге шық та, аттарды иіре тұр, — деді ол қызға, — мен жігіттерге барып келейін.

    — Неге?!..

    — Кеше ойнап тарқасқан жігіттермен, бүгін араздасып айрылам ба? Барып кешірім сұрайын.

    — Ойбай, ұстап алады. Аттыдан жаяу мықты деседі
  • b0831639105has quoted2 years ago
    Құп болады, — деді Балуан.

    Қызды сайда тұруға көндірген Балуан Шолақ, Ақбозын ойнақтатып төбенің басына шыға келді. Бұл кезде таң аппақ боп, аспанның шығыс жақ жиегі сарғылттана бастап еді.

    Шапқыншылардың алдында оғашырақ біреу далақтап келеді. Зады Шолақты танып келе жатқан сияқты,— сойылын көлденең ұстап:

    — «Аттан түс!.. Түс аттан»—деп қиқулайды.

    Шолақ оған қарсы ұмтылды. Екеуі айқаса бергенде, жігіттің сілтеген сойылын Шолақ жұлып алып, аттың екпінімен ағып өтіп кетті де, іле қайта бұрылып, жігіттің түп етегінен қапсыра алды. Жігіт қиялай тартып, беріспеуге тырмысып еді, Шолақтың қуатты қол күші
  • b0831639105has quoted2 years ago
    жауға кезіктір» деп. Олар да періштеден емес, мені тапқан анадай әйелден туған шығар. Өзім «Балуан Шолақ болам да, өзім жаудан қашам!.. Кім болғаным, сонда менің?.. Одан артық өлім бар ма, маған? Әйтеуір өлу керек болса, қашып өлгеннен қашпай өлген артық емес пе? Жоқ, Балқаш, мен қашсам өлем де, қашпасам өлмеймін. Қызығыма қара да тұр сен, жаумен қалай сайысар екем мен!.. Қалыңмал төлеген жоқпын саған. Тегіннен тегін алғаным ұят болар. Малымды салмағанмен, күшімді салайын!..

    Бұл сөздер көкейіне қонған, жауға қарсы аттануына көнген Балқаштың өтініші — «бетін қайтарам десең қайтар, бірақ кісі шығынын жасай көрме, пәлесінен құтыла алмассың!» болды
  • b0831639105has quoted2 years ago
    Бұл кезде бозара бастаған таңның етегі жоғары көтеріліп, төңірек қылаңдана көрініп қалған еді. Балуан мен Балқаштың елеңдеген құлағына дүсір естілген сияқтанды. Елегізген олар, биіктен бастарын қылтитып қараса, ұбақ - шұбақ қалың қол шауып келеді. Қыз құп - қу боп кетті.

    — Сен сайға түс те, көрінбей тұр, — деді сұрланыңқыраған Шолақ Балқашқа — мен жауға қарсы шабайын!

    — Қой, ойбай!—деді кескініндегі қорқыныш үдей түскен қыз, — топырақ шашамысың көпке? Қолыңда қамшыдан басқа қаруыңда жоқ!.. Одан да, ат жараса қашып құтылайық!

    — Оның жігіті мен емен!—деді Балуан күліп,— ертедегі батырлар айтады дейтін еді — «құрулы мылтық, құрсаулы
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)