kk
Free
Сайын Мұратбеков

Махаббат

  • Rahymbu'bi Rahymbekovahas quoted6 years ago
    берді. «Дүниеде махаббатқа ештеңе қарсы тұра алмайды»,— деген қызының әлгіндегі
  • b9338883870has quoted2 years ago
    «Дүниеде махаббатқа ештеңе қарсы тұра алмайды»,—
  • Dinara Baxtygalihas quoted2 years ago
    Жалғызсыраған Отар жауын астында аяғына ауыр батпақ жабысып, сүйретіліп жүріп келеді. Дірілдей шыққан күбірлер соңынан ілесе жүргендей, құлағынан кетер емес. «Әсия... сүйейінші...» «Қойшы, Ноян, қойшы...»

    Отар тістенген күйі, көзін тарс жұмып қалшиып тұрып қалды. Меңіреу тыныштық. Тек кенеп плащқа ұсақ жаңбыр тамшылары тырс-тырс етеді. Отар өзіне-өзі күбірлеп, басын шайқады:

    — Махаббат... О, тоба...— деді.
  • Dinara Baxtygalihas quoted2 years ago
    Бұл сөз Отарды бетке ұрып қалғанмен бірдей еді. Ол өзінің Мақираға кездеспей тұрып үйленгеніне сонда бірінші рет өкінген. Жыл өткен соң қыз оқуын ары қарай жалғастыру үшін қалаға кетті. Міне, сонан бері қаншама жылдар өтсе де анда-санда Отар сол шақты ұйып отырып ішінен ғана еске алатын. «Шіркін қырмызы еді-ау» дейтін... Мүмкін махаббат деген сол шығар.
  • Dinara Baxtygalihas quoted2 years ago
    Оның есіне ертеде болған бір оқиға түсті. Отар он тоғызға толып, тұңғыш ұлы Басар туған кезде, бұлар алғаш ұйысқан артельге мүше болып кірген. Сол жылы — қазақ қыздарының арасында өте сирек кездесетін жай — Мақира деген дәрігер қыз келген колхозға. Отар оны көрген жерден қатты ұнатқан. Бірде көктемге салым суық су ішіп, мұның тамағы ауырды. Сонда Мақираға барған. Ақ халат киген талдырмаш жас қыз ұялшақ жігіттің тілін темір қасықтың сабымен басып тұрып көрді. Сол сәттегі жұп-жұмсақ қыз қолының табы-ақ аурудан айықтырғандай еді. Отар тәуірленіп кеткеннен кейін де тамағын сылтауратып дәрігер қызға келгіштей берді.

    — Құрбым, сіз семьялы адамсыз ғой, мұныңыз жарамайды,— деді бір күні қыз түсін суытып.
  • Dinara Baxtygalihas quoted2 years ago
    Ал махаббат деген не екен сонда?» Махаббат ғашықтар туралы қиссалар мен жырларда ғана болушы еді. Осы жасына дейін Отар өмірде махаббат дегеннің болатынын еш уақыт ойлаған емес. Енді, міне, қызының айтып отырғаны...
  • Dinara Baxtygalihas quoted2 years ago
    Сәулем менің...— жігіттің үні дірілдей шықты.— Әсия.

    — Ау.

    — Енді екеуміз мәңгі бірге боламыз. Мен өмір бойы сендікпін.

    — Мен де...

    Отар бұлардың сөздерін тыңдамастан теріс бұрылды. Бір ауық аласұрып не істерін білмеді. Тек бет алды басы ауған жаққа қарай салбырап жүре берді. «Дүниеде махаббатқа ештеңе қарсы тұра алмайды»,— деген қызының әлгіндегі сөзін еске алды.
  • Dinara Baxtygalihas quoted2 years ago
    Сен алғаш біздің үйге кіріп келгеніңде, жүрегім өзінен-өзі дір ете түсіп, аттай тулады. Бір түрлі, қорыққанымды да, қуанғанымды да білмедім. Біздің үйге қонған түні таң алдында сен түсіме кірдің. Өмірімде естен кетпес түс... Әкем оятып жіберді дәл сол кезде. Сонан кейін-ақ сені жақсы көре бастадым... Сенің тракторыңа түнгі кезекке өзім сұрандым...
  • Dinara Baxtygalihas quoted2 years ago
    Сен алғаш біздің үйге кіріп келгеніңде, жүрегім өзінен-өзі дір ете түсіп, аттай тулады. Бір түрлі, қорыққанымды да, қуанғанымды да білмедім. Біздің үйге қонған түні таң алдында сен түсіме кірдің. Өмірімде естен кетпес түс... Әкем оятып жіберді дәл сол кезде. Сонан кейін-ақ сені жақсы көре бастадым... Сенің тракторыңа түнгі кезекке өзім сұрандым...
  • Dinara Baxtygalihas quoted2 years ago
    Тракторда қалғандар екеуміздің бұл кетісімізді ертең елге жайып, сөз қылады ғой.

    — Мейілдері, маған бәрібір.

    — Сенің әкеңнің құлағына тисе қалай болады? Ол кісі мені жақсы көрмейді ғой.

    — Өзің айттың ғой, дүниеде махаббатқа ештеңе қарсы тұра алмайды деп. Сол сияқты менің әкем де біздің махаббатымызға ештеңе істей алмайды,— деді Әсия сенімді дауыспен.

    Енді бір сәт екеуі де тым-тырыс бола қалды. Жауынның бір қалыпты сытыры ғана естіледі. Ақырып жандарына жетіп баруға қанша оқталғанмен, Отарды белгісіз бір күш жібермеді.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)