bookmate game
kk
Free
Дүкенбай Досжан

Анасы жақсы адамдар

  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    Барак Обаманың анасы американдық еврей келіншек – Стэнли Энн Данхэм бойжеткен – кениялық жігітпен кездесіп, көңілі құлап, отбасын құрып, көп ұзамай кішкентай Барак дүниеге келеді. Дәм-тұзы жараспай көп ұзамай ажырасып кетеді. Қарадомалақ Барак анасының әлдиімен өседі. Ес білгеннен – ержеткенге дейін: «Балам, білімді болсаң ғана жарыққа шығасың, адам боласың», – деп құлағына құйып шаршаған. Барак анасының ақылымен, жетелеуімен, желкелеумен орта білімді үздік тәмамдап, қиналып жүріп елдегі ең мәртебелі университетті жоғары балмен бітіреді. Жетілу, кемелдену, іздену қалыбы әкесінен емес, жатырынан ауысқан.
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    – Өз бетінше жол тауып жүре алмайтын, он үйге билігін жүргізе алмайтын жаман Құлшомбайдан сендей бала туа ма, өзің ойлашы, құрдас!

    – Неғып көкіп сөйлейсің? Шешемнің етегін күзетіп жүрген сен бе едің? Айт қанекей!

    – Айтсам – айтайын, ашу – дұшпан, ақыл – дос, текке қалшылдайсың, болыс-еке!

    – Не тапсаң-дағы тіліңнен табасың!

    – Болыс-еке, сен Кенесары-Наурызбайдың Наурызбайынан пайда болғансың. Сенбесең елдің өсегіне құлақ сал, сақал-шашыңды алғызып айнаға қара!

    Сонда сұлқ түскен Әли болыс:

    – Әкем жаман кісі болмапты ғой, – деп отырып қалыпты.

    Сөзден сөз туады, ойдан ой өрістейді.
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    Тісіңізден шығара көрмеңіз. Шынымды айтайын. Алдына азғана мал біткен шақар байдан жақсы адам шықпайтынын әуел бастан сездім. Амал іздедім. Арғында Қызжәнібек есімді сері барын білесіз. Өзімнің өнеріммен Қызжәнібектен алған олжам осы бала еді, – депті әйел.
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    Қазақша «ат – биеден, алып – анадан туады» деген сөз бар. Былайғы жұрт жөні келгенде осы мәтелді айтуын айтса-дағы, түп тамырына, мәнісіне үңіле бермейді. Көне кітапты оқып, ескі әңгімені көп білетін кәрияны тыңдап отырсаң – атам қазақ мәтелді тегін айтпаған. Кісі ағзасындағы қанға тарту, яғни, тектің тұқымнан тұқым қуалап, жалғасатындығын әлдеқашан біліпті. Текті құрайтын нуклеин қышқылының молекулалық түзілімі, жалпақ тілмен айтсақ: қандағы хромосом түйіршігінің қасиет-сырын, табиғатын баяғыдан таныған. Тұқымының тұздай құрып кетпеуінің қамын жеген. Жеті атаға дейін қыз алыспауының мәнісі осы ма дейміз.
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    Оқиға болғанын бәрі айтып бере алады, әлгі оқиғаның неліктен солай болғанын айтуға тырыс»
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    Сізге бір нәрсе үйрете алатын кісімен ғана достас, осы межені алға ұстап өмірім өтті, досы аз адамға айналдым
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    Ұстазың – бірбеткей, тік сөйлейтін, мінезі жаман, атаққұмар адам болсын, өзіндік беті бар, өзіндік шындығы бар адам ғана сені жағаға алып шыға алады
  • Сымбат Сарыбаеваhas quoted4 years ago
    С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы, Мәшһүр Жүсіп, Шығармалары, 9 том, Павлодар, 2006 жыл, 259-261 беттер.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)