bookmate game
kk
Free
Сәкен Жүнісов

Ақан сері. I кітап

  • Райхан Жумахановаhas quoted5 years ago
    Ғафу етіңіз, Ақан аға, әшейін сөздің ретімен... Әйтсе де есіңізде болсын, жүйткіген жүрек болмаса, желіккен жел көңілге жеңгетай бола алмаймын,
  • Зияда Тиникуловаhas quoted7 years ago
    жүйткіген жүрек болмаса, желіккен жел көңілге жеңгетай бола алмаймын
  • Aruzhan Aitimovahas quoted5 years ago
    Көк аспанның астында еркін қалқыған қауырсын қанат азат құстай талмай ұшқан пенде — тірлігінде тіршіліктің қасиетін бағаламай, барында бардың қайырын көріп, жоғында жоқтың тауқыметін тартса да, тәубесін ұмытып, асып-тасқан күні астамшылық етіп, өзінен асар болса қастамшылық етіп, алысып-жұлысып, айтысып-тартысып, бірінің-бірі аяғынан шалып, іліге алмаса балағынан тартып келе жатқан тойымсыз жан.
  • b4054297638has quoted2 years ago
    Қараойдың қары жұқа, қамысты аралына түскендердің ішінде Бақтыбайлардың да жылқылары келді. Жылқышыларды бастап келген Тастан. Со жылы Қадишаның әкесіне Тастанның құты түсіп, қарамағына жылқышылыққа алып, ауыздарынан ақ май ағызды. Ақыры, жер аяғы кеңи келе, қыстан арық шыққан жылқыларынан қалың мал беріп, ағайындарының малымен қоса балалардың ең тұңғышы Қадишаны
  • b3265737560has quoted2 years ago
    Аспаннан абрахым нұрын шашар,
    Үстім жауын болды деп надан қашар.
    Сол нұрдан бір тамшысы тие ме деп,
    Дарияда сәддап жатып аузын ашар
  • b3265737560has quoted2 years ago
    Ел Хадиша дейді. Шын атым Балхадиша.
    Бібекеңнің қызы. Естуіңіз бар шығар,— деп сары келіншек Ақанға қарай мойнын созып, кимелей жөнелді
  • b3265737560has quoted2 years ago
    Шынында да әйел бала ер баладан гөрі тез жетіліп, тез піседі-ау. Көрінбей-көрінбей келіп бір-ақ жылда қылт етіп, қырдың қызғалдағындай құлпыра қалады. Бір суық соққан күні сол гүлдің жапырағындай бүрісіп, тез солады да. Тегінде жұрттың қызды гүлге балайтыны да содан-ау».
  • raiianaislamqyzyhas quoted2 years ago
    Үш қанаттан құрса тоңқайма, немесе шаңырақ салма дейді. Жаб салма, не көтерме деген болады. Ол қысқа уықтан, үзіксіз тігіледі. Үзік дегенді кейін айтам... Сонда, шаңырақ дегеніміз мына төбедегі дөңгелек, араларындағы шыбықтары күлдіреуіш. Сол шаңырақты ұстап, көтеріп тұрған мына саусақтар — уық
  • raiianaislamqyzyhas quoted2 years ago
    қанаттан құрса тоңқайма, немесе шаңырақ салма дейді. Жаб салма, не көтерме деген болады. Ол қысқа уықтан, үзіксіз тігіледі. Үзік дегенді кейін айтам... Сонда, шаңырақ дегеніміз мына төбедегі дөңгелек, араларындағы шыбықтары күлдіреуіш. Сол шаңырақты ұстап, көтеріп тұрған мына саусақтар — уық.
  • raiianaislamqyzyhas quoted2 years ago
    Қызы едің Ыбекеңнің, Балхадиша,

    Бұралған белің нәзік, шіркін-ай, тал, Хадиша...

    Жиылған осы тойға қалың қыздың

    Ішінде қара басың, па, шіркін, хан, Хадиша!..

    — Пау деген!

    — Рас-ай, бір өтірігі жоқ.

    Дегенге Балхадиша, Балхадиша,

    Боларсың біздің сөзге, дүние-ай, зар, Хадиша.

    Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

    Боларсың қандай жанға, құдай-ай, жар, Хадиша!..

    - О, шіркін десейші.

    - Ақан аға ұзатылып қойғанын да білген-ау тегі.

    - Қайран Балхадиша!

    Баласы Ыбекеңнің Балхадиша,

    Есілді өрлей біткен, шіркін-ай, тал Хадиша!..

    Бір емес екі жеңгең келіп отыр,

    Рұхсат бізден сізге, амал не, бар, Хадиша!—

    деп көтергенде жұрт гу етіп басылды. Балхадишаның да, екі жеңгенің де беттері ду ете қалды. Жұрт күлкісін қолмен тежеген Ақан:

    - Жігіттер, Балхадиша орталарындағы мәпелеген ақ құстарың екен. Ертең алысқа ұшар асыл қарындасқа бұл бір ағасының сыйы, тартуы болсын! Ал, енді бәріміз қосылып айтайық,— дегенде, ұшқыр сөз, ұшқыр әнді тез қағып алған Сұлтанмұрат, Бәтжан бастаған серілер тобы Ақанға қосылып кетті:

    Баласы Ыбекеңнің Балхадиша...
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)