Сөйтіп мен ұйқы-күлкінің бәрін ұмытып, орманда ұзақ-ұзақ отырдым, ─ мен ойлаған қиын мәселені шешетін бір ғажайып белгіні менің көздерім сарыла күтті, ал менің сыбыр еткенді еститін сақ құлақтарым ғайыптан түсер сөзді қағып алуға тырысты. Қап-қара түндерде, жел өксіп, су жылап жататын өзен жағасына жалғыз өзім келіп, сол жерде, ағаштар арасында, мен баяғы данагөй қарттар мен өлген шамандардың аруағын гөй-гөйлеп көп шақыратынмын