Демек, ей, нәпсiм! Егер басты мақсатың дүниелiк өмiр болып, тек соның қамын ойласаң, торғайдан да тұрмысың нашар болады.
Егер ақыреттік, рухани өмiрдi ойлап, сол жақта бақытты болуды мақсат қылсаң және мына фәни өмiрдi соған ұйытқы, оның егiн алқабы деп қабылдап о дүниеге қам жасасаң, барлық тiршiлiк иелерiнiң басшысы әрi Хақ Тағаланың бұл дүниедегi ерке құлы, қымбатты да қадiрлi қонағы боласың.
Мiне, саған екi жол. Қалағаныңды таңда. Тура жол мен таупықты Әрхам-ур Рахимин, Мейрімділерден де мейірімді Аллаһтан сұра!