kk
Free
Әбіш Кекілбаев

Үркер

  • Руслан Рысқұлбекұлыhas quoted2 years ago
    Қазыбектің бұдан былайғы сөзін ести алмады. Екі құлағы бітіп қалды. Көзінің астын топан көміп бара жатқандай бұлдырап барады. Әйтеуір әлгі баурай-баурайды түгел толтырып тұрған нөпір аламанның әлденені айтып күркірегенін біліп отыр, әлгінде ғана алдында сұлқ салбырап тұрған қыл шашақтардың тұнық аспанды сабалап желк-желк желпініп жатқанын көріп отыр. Сол бір қаһарлы айқай тынар емес, сол бір дүрлігіс басылар емес. Бір уақытта қолдарына көл-дария өре киіз ұстап, іштерінде қанжығалы Бөгенбай, қара керей Қабанбай, тама Есет, әлім Бақтыбай, ошақты Саңрық, керейіт Тайлан, шөмекей Киікбай, үйсін Ақтамберді, Қалдыбай, керей Сырымбет, тілеу Орыс, адай Шотан, атығай Құлсары, Қыпшақ Шақа, сары жетім Бұданбай бар, қарақұрым қол алдына келіп, тістері ақсиып бірдеңе деді. Қапелімде орнынан тұра алмай қалған Әбілқайырдың бір қолтығынан арғын Жәнібек, бір қолтығынан табын Бөкенбай демеп өре киізге алып келді.
    Сол-ақ екен бір алып ақ самұрық құс оны аспанға көтеріп әкетті. Біресе шырқыратып шыңға шығарып әкетеді, біресе құлдилатып әлгі қара нөпірдің үстінен түсіреді. Жұрт ауыз жаппай әлдене айтып жатыр.
  • b4773737814has quoted3 years ago
    Ел ырысы – малды Ұлы жүзге тапсырса, пейіліне сенгені, ел жыртысы – дауды Орта жүзге тапсырса, білігіне сенгені, ел шырқын бұзар жауды Кіші жүзге тапсырса, ерлігіне сенгені.
  • Arai Galimjanovnahas quoted5 years ago
    жетіліп, қатарға қосылсын десең – ұзын арқау, кең тұсау тіршілікке

    жібермей, белін бекем будырып, сара жолға сал. Көп көбейіп, дені

    жайылсын десең - тар қамажауға тығып тұмшалай бермей кеңге шығар!
  • Жазира Темирбековаhas quoted2 years ago
    Бір мың жиырма үшінші жыл басталмай жатып, Ойрат жағы қайта жанданды. Жетісудың ен майсасына аунап-қунап денелері жайылып қалған немелер қазақтың қалған өлкелеріне көз аларта бастады.
  • nazymkadyrbek08has quoted2 years ago
    Мұндай ұлы дүрмек саятшылыққа кейде ел басы, ру басылардың өзі бастап шығатын көрінеді. Манағы Итжеместің қақ алдында көк ат мініп тұра қалған ақ сұр кісі хан дейді. Кәдімгі Әбілқайыр хан сол көрінеді.
  • b7888597300has quoted2 years ago
    – Ата, рұхсат етсеңіз, сұлтанның көзіне елестеген нышанды мен жорып көрсем қайтеді, – деді Пәтшайым.
    – Иә, айта ғой, балам.
    Келіншектің аппақ жүзіне лып етіп қан жүгірді. Жүрексіне шыққан бір әдемі әуезбен әнгімесін бастады.
    – Сұлтан, бұл жолға аң қарай шығыпсыз. Сұлтан аңшының есіл-дерті – ойдан қырға жүгірген төрт аяқты тағы ғана емес шығар. Қол астындағы халықтың қамы мен замананың аңғары сейіл құрып келе жатса да, есінен шыға қояды дейсіз бе?
  • b7888597300has quoted2 years ago
    Ор жиегінде тұрған көп аттының көздері бұл жаққа ішіп-жеп қарайды. Бастарын шайқап, таңдайларын қағады.
  • b7888597300has quoted2 years ago
    Тұтасқан шаңның астында жиралаңдап әлдебір алып жыландар қаптап келе жатқандай. Бір-біріне ұласып аспан асты түгел шұбарытып кеткендей. Ақыр заман боларда жер астынан шығатын жеті басты аждаһа осы шығар! Ирелеңдеп келіп қалды..
  • b7888597300has quoted2 years ago
    Онда осы күннің өзінде пұшпақ тістелеп, зорға талшық айырып отырған қазақ қара судан қаймақ қарап біржола пұшайман боп қалды дей беріңіз
  • b7888597300has quoted2 years ago
    Құдай біледі, мынау тегін шаң емес. Иә башқұрт, иә жоңғар...
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)