Бұлардың мінгендері кәкір-шүкір тай-тұяқ емес, он күн желіске шыдай алар аласа бойлы, тоқпақ жалды, құшақ құйрықты, кілең сайгүлік шабысты жылқы. Үстерінде сауытты, жалпақ бет, сығыр көз ноян, баһадурлар. Аттарына да тізелеріне дейін сауыт жабылған. Екі жағында жебеге толған екі-үш қорамса, белдерінде қисық жүзді қылыш пен ұзын сапты айбалта, қамал бұзатын тас атқыштарды сүйреу үшін ер қасына байлап алған жуандығы білектей қыл арқан. Әрқайсысында кем дегенде екі садақтан. Кейбір көрікті киінгендердің тақымдарында бір жақ ұшы пышақтай өткір найза. Жеберлерінің ұшы екі жүзді қанжардай өткір, сүйір. Ысылдап келіп қадалса, егер тәнің тастан жаралмаса,