Сендер түсінбейсіңдер... Мынау өмірде махаббат барын, тілмен айтып жеткізуге болмайтын керемет барын түсінбейсіңдер. «Жанұя!»...
«Баланы ойлау керек!», «Бұзуға болмайды!...» Міне, сөздерің осы сендердің. Несін айтасың тамаша-ақ! Соның ар жағын ойладыңдар ма сендер? Адам бостандықта болуы керек. Не үшін тәтті бостандық?.. Ал, айтыңдаршы, әшейін өзімізді өзіміз жасанды түрде шырмап тастағанбыз, – деп тоқтаусыз сайрады дейсің келіп.