Сыннан өткен, өзің бағып өсірген,
Көңілін ұстап, тура жүрген кісі жөн.
2885 Көңілі тоқ, мейірлі, әділ оттан да,
Пейіл - құлқы түзу болса оқтан да.
Осындай жан ұстаса ыдыс құлағын,
Іске жарап, төгер шырын құнарын.
Ыдысшы ұстар күллі түрлі дәріні —
Гуәріш, мәжүн, чурны қосқан кәдімгі.
Алуан түрлі дәріні ұстар даяр қып,
Қаласа ішіп. жейтін иә жалайтын.