bookmate game
kk
Free
Мұқағали Мақатаев

Естеліктер

99 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Impressions

  • Аккенжеshared an impression9 years ago
    🔮Hidden Depths

    "Жаксыга соз ереди"дегендей деп конил жубатамыз, алайда мунын бари алдау, алдану.Нагыз адам, нагыз акын-Мукагали.Коркеуде кызганшактар кунинен бурын кетуине себепши болды.....

  • Galya Azhibekkizishared an impression5 years ago
    👍Worth reading
    😄LOLZ

  • Rahmetovshared an impression4 years ago
    👍Worth reading
    🔮Hidden Depths
    💡Learnt A Lot
    🎯Worthwhile
    🐼Fluffy

Quotes

  • Думан Ерлановhas quoted4 years ago
    ..БІЗ ОСЫЛАЙ ТАБЫСЫП ЕДІК...

    Нұрғиса ТІЛЕНДИЕВ

    Қазақстан Республикасының

    халық қаһарманы

    Дәл қай жылы және қай күні екені анық есімде жоқ. Әйтеуір менің Мұқағалимен тұңғыш рет кездесіп, жақсы таныс болғаным Қазақ радиосының музыка редакциясында еді. Мен туралы хабар берілмекші екен. Дауысымды жазып алатын болған соң келгем. Алдымнан арсалаңдап Әнуарбек Байжанбаев шықты. Ол осында бас диктор. Екеуміз бұрыннан жақсы таныспыз. Амандық сұрасын отырғанымызда біздің жанымызға кең жауырынды, бүркіт тұмсық, палуан денелі жас жігіт келді. Екі бетінен қаны тамып тур. Нұрлы екен. Батыл амандасты.

    — Нұраға! Ассалаумағалейкум! Мен Мұқағали деген ініңіз боламын. Әдейі амандасайын деп келдім сізге. Райымбек бабаның ұрпағымын, аға.
  • Лаура Досыбаеваhas quoted8 years ago
    Иә, өлең өлмейді. Ендеше өзі жазған ақын да өлмейді. Олай болса Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда. Күнбе-күн қасымызда. Әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңайды жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр.
  • Лаура Досыбаеваhas quoted8 years ago
    Біреулер жан еді дер өр тұлғалы,
    Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
    Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
    Жазылар естеліктер нешелеген,
    Көреміз бәрін оның, пешенеден.
    Әйтеуір білетінім бір-ақ нәрсе,
    Көшеді өлең, немесе өшеді өлең.
    Айдай анық та сол. Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам түрлі пікір пайымдаса да, желмен желпіп қаншама жылдар өтсе де, ешбір кіреуке түспей, келешекке қарай келісті керуен түзеп көше бермек.
    Міне, сол ақындық, сол өшпес өрнекті өлеңдер өртене жанып өмір сүріп, жастардың жүрегіне, халықтың жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Әрбір оқыған сайын жаңа сырларын аңғартып, тың толқындарын тулатып, сырлы саздарын төгуде. Кені қат-қабат ашылып, тереңге тартады. Біз оның көзі тірісінде жарық көрген кітаптары біраз екенін білеміз. Таңдамалысы да жарық көрді. Бірақ, оқырман қауым ақынның жарық көрмеген тамаша өлеңдері коп екендігін біле бермейді. Иә, Мұқағалидан қалған асыл мұра бар. Бұл керемет қазына, баға жетпес байлық. Оның бәрі иесін, иемденушісін күтіп жатыр. "Жазушы" немесе "Жалын" баспасы сол маржан мұраны ортайтпай, олқыландырмай, кіршіксіз қастерлеп, аялы алақанға салып, коп кешіктірмей басып шығарса құба-құп. Бірақ, біз бұл мұраның кітап болып шыққанын күтіп, қол қусырып қарап отырмай, оны қазірден бастап жан-жақты игере беруіміз керек. Бұл игі де ізгілікті іске "Жұлдыз" журналы ғана емес, басқа да мерзімді басылымдар назар аударып отырса — нұр үстіне нұр. Ақынның орны өз жүрегі, таланты, қаламы көтерген биікте болса, Мұқағали Мақатаевқа өзі көтерілген асқар биікке лайық құрмет көрсетуге, өлмес, өшпес рухани, өнерлік ескерткіштер орнатуға тиіспіз.
    Мен Мақатаевтың жарияланбаған жаңа жырларына — жүрегінің келешекке көшер сұлу, соны сырларына жолашар сезімді ақынның өз лебізімен түйгім келеді:
    Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
    Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
    ...Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
    Өлтіре алмас алайда Өлеңді ешкі.

On the bookshelves

fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)