— Байлық деген немене өзі? Азап қой! Бай адам күні-түні, қысы-жазы малын ойлайды да, өзі де малға ұқсап кетеді. Мінез-құлқы малында, адамдығынан айрыла береді.
Arai Galimjanovnahas quoted4 years ago
Қазақ әйелінің тіршілігінде түсіне де қоймайтын, сене де қоймайтын бірнеше жайлар бар. Көшпелі елдің барлық еңбек тырбанысында әйел-еркегі бірге жүреді. Қазақ әйелі еркектен жүзін жасырып паранжі киген емес
Салтанат Аскарhas quoted3 years ago
Әр әйел өзінше сұлу болу керек. Қара ат сұлу ма, торы ат сұлу ма демейміз ғой! Көркем дейміз, сұлу дейміз, ажарлы дейміз, сүйкімді дейміз, әдемі дейміз, сымбатты дейміз, бәденді дейміз... Соның бірінен бірінің артық-кемін кім айта алады?
Arai Galimjanovnahas quoted4 years ago
Ру-ру болып отыратын қазақ елінде қыз балаға ешкімнің тілі тиген емес, бірен-саран ондай сотқарлық істеген еркектер алапес болған адамдай ауыл-үйге араласа алмай «иткірмеде» жүреді. Ел ішінен қуылмағанымен ол бәрібір, қуғындағы адамға тең.
Arai Galimjanovnahas quoted4 years ago
Қыз дегеннің мұндай қиын екенін кім білген! — деп Есеней де қиналып жүр.— Бес болыс Керей-Уақтың қандай қиын дау-жанжалы болса да бір ауыз сөзімен тындыра салатын атақты би бір қыздың көңілінде тағы не барын таба алмай жүргеніне әрі назаланады, әрі ызаланады. Әсіресе, «Ұлпан арзанға түспейтін қыз» деген жұмбағын шеше алмай қойғаны батып жүр. Ірбіт, Тобыл базарларының қайсысының қымбатшылығын айтады екен? Әлде... қызда қырық есекке жүк болатын айла бар дейтін еді, айлалап жүр ме екен?
Arai Galimjanovnahas quoted4 years ago
Таңдарлық қыз әрі есті, әрі сұлу болу керек емес пе? Сұлулығы жеңсе, есінен айрылып қалатын естілігі жеңсе, сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды, Ұлпан. Естілігі толыққан сайын сұлулығы да толыға беретін қыз болады. Есеней құрығы қателеспепті.
Rahymbu'bi Rahymbekovahas quoted6 years ago
Тегінде қазақ бірін бірі жамандауға келгенде сонша шебер, сонша рақымсыз, сонша жалақор, өз тамырына өзі балта шауып, өз жапырағын өзі жұлады да отырады.
ZANEL KONYSALIhas quoted2 years ago
Есенейдің қасында төрт адам жолдастары бар еді: ең сенімді серігі — жамағайын түрікпен Мүсіреп, Алдай елінен — аңшы Мүсіреп, руы басқа болса да Есенейдің қоныстасы Бекентай батыр және Есенейдің қосалқы атын жетелеп жүретін жас жігіт, түрікпен Мүсірептің туған інісі — Кенжетай.
ZANEL KONYSALIhas quoted2 years ago
Есенейдің төрт қос жылқысы «Қаршығалы» шұбарына жақындап келіп, қапталдай төніп қалып
ZANEL KONYSALIhas quoted2 years ago
Қаршығалыда» үш мың қасқыр, бес мың түлкі, он екі мың күзең жеті мың, қоян бар!..