bookmate game
kk
Free
Сәбит Мұқанов

Балуан Шолақ. Аңыз

  • b6808086365has quoted2 years ago
    — Балам жоқ, соны іздеймін.

    — Қай балаң?

    — Нұрмағамбет.

    — Е, ол қайда еді?

    — Тай үйретем деп таңертең кетіп еді, содан тайы да, өзі де жоқ. Астындағы асау тай бір жерде өлтіріп кетпесе не қылсын!

    — Ертерек неге айтпадың, ел боп іздесетін?

    — Оған урядник болды ма! Есті жаңа жинап отырған жоқпыз ба?
  • b6808086365has quoted2 years ago
    шақырым ғана жерге жылжып, бас-аяғы жиналып ақылдасты.

    — Ал, қайда барамыз?

    — Қайдан білейік, қайда барарымызды!

    — Патшаға дейін іздену керек, — деді біреу.

    — Мынау анық былшылдап жоқты айтқаны несі? — деді екінші біреу ашуланып, — Пәлен мың шақырым Кетрампорға барып патшаға арыз берем деп жүргенде, мына еңкейген кәрі мен еңбектеген жас қырылып қалмай ма? Әуелі осыларға баспана табайық та. Қайда арыз беруді содан кейін ойланармыз.

    — Ол дұрыс, — деді біреулер,— бірақ бос тұрған қоныс ешқайда жоқ. Жиырма шақты үйміз. Қайда сиямыз?

    — Маңай ел ғой. Жұбымызды жазбаймыз деуге болмас, атқа мініп ауылдарды аралап, биыл қысша баспана іздеп бытырап орналасайық.

    — Осыдан басқа амал жоқ.

    Қатын - қалаш, бала - шаға қалың қарағайдың арасына тіккен күркелерде қалды да, еркек атаулы атқа мініп, маңайдағы ауылдарды аралап кетті. Еркек кіндіктен ауылда қалған жалғыз Баймырза.

    — Е, сен неге жүрмейсің? — деген сөзге оның берген жауабы:
  • b6808086365has quoted2 years ago
    переселендерге жер сұрағанда, Сыздық болыс кектенген ауылдарының ішіне қосып, осы ауылдың да жерін ұсынған. Кешікпей землемер кеп жерді өлшеген. Бірақ, ауылдың адамдары ол өлшеудің не өлшеу екенін түсінбей, қыстың жабдығын қамдап, бұрынғыша отыра берген.

    Күз, ауыл шапқан шөбін қорасына үйіп, қар ұшқындап қысқы үйіне кеп қонғанда, ызғарлы хабар кенеттен сап ете түсті:

    — Көшесіңдер!

    — Неге? — деп сұрады ауыл.

    — Үш - төрт жүз үй крестьяндар көшіп келеді, алды келіп те қалды. Бұл жерде енді солар отырады.

    — Біз қайтеміз?

    — Онда біздің жұмыс жоқ. Қайда барсаң — онда бар.

    — «Қой, олай болмас» деп ауыл бейқам отырғанда, арбалы, жаяуы аралас шұбырған крестьяндар кеп қалады.

    Сол күні урядник те келді, ауылды өртеп көшірді. Міне, бар оқиға осы!..

    Күз көшке әзірленбеген ауыл, урядниктің жыландай ысылдаған ызғарымен, мылқау өрттің лебіне шыдамай қонысынан қозғалғанмен, тез жиналып кете алмады, бес - алты
  • b6808086365has quoted2 years ago
    Қасқыр талаған қойдай қызыл жон болған ауыл адамдары, басқа паналар жер жоқтай, полицейский сабап айдап шыққан қораларына ығысып қайта - қайта тығыла берді.

    — Өрт! — деді урядник ауылды қоныстан қуып шығара алмаған соң, лезде ауылдың әр жерінен қою қара түтінге бөленген қара күрең жалын жарқ етті. Өрт еріксіз айдап шыққан ауылдың аузындағы жалыннан да ыстық жалғыз сөз:

    — Қайран қоныс, хош бол!

    Бұл бейқам отырған ауыл еді. Өткен жазда болған болыс сайлауында, сол ауылдың біреуі, болыстыққа таласқан Тоқсанбайдың Сыздығы деген байға қарсы шыққан. Бірақ Сыздық выборнайларды11ақшамен сатып алып, сайлаушыға да пара беріп, болыстыққа сайланған. Қолына мөр тиіп, әкімшілік тізгінін ұстағаннан кейін, ол, өзіне қарсы ауылдардың берекесін кетіруді ең бірінші міндетім деп санаған. Сол жылы переселен управлениясы22ішкі Ресейдің қалаларынан көшірілетін
  • b6808086365has quoted2 years ago
    Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,

    Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын:

    Кешегі сентябрьдің базарында11

    Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.

    Жиылып орыс - қазақ таң қалысты,

    Болды деп Қаһарманнан22мынау басым.

    Залок33сап жетпіс бес сом күрескенде,

    Сындырдым Карон балуан қабырғасын
  • b1742319402has quoted7 years ago
    «етігі жаман төрге шыға алмайды, жеңі жаман ас іше алмайды» деген. «Тоны жаманды ит қабады, ниеті жаманды тәңірі табады» деген аталарың. «Таныған жерге бой сыйлы, танымаған жерге тон сыйлы» деген...
  • Makos Dauletbaevahas quoted8 years ago
    БАЛУАН – ШОЛАҚ
    (Аңыз)
    Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
    Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын:
    Кешегі сентябрьдің базарында11
    Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
    Жиылып орыс - қазақ таң қалысты,
    Болды деп Қаһарманнан22мынау басым.
    Залок33сап жетпіс бес сом күрескенде,
    Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
    (Балуан-Шолақтың өз өлеңінен)
    «АЛЫП — АНАДАН ТУАДЫ»
    Ол ауылдың қыстауы Қайрақты көлінің жағасында, қалың орманның арасында еді.
    Қабағына қайғының бұлты оралып, кеудесін кернеген шерді, күркіреген күндей уһлеумен жеңілткісі кеп, көз жасы бұлақтай саулаған ауылды еліктегендей, я, қайғысына ортақтасқандай, сол күні күздің қара сұрғылт бұлты нөсерлей жауды, жел ышқына соқты.
    — Болыңдар! Жөнеңдер, тез! Жоғалыңдар! — деп ат үстінен айдаһардай ысқырған полицейский урядниктің сілтеген қамшысы бұлттан жарқыраған найзағайдай ирелеңдеп, талайдың арқасын тіліп түсті.
    Қасқыр талаған қойдай қызыл жон болған ауыл адамдары, басқа паналар жер жоқтай, полицейский сабап айдап шыққан қораларына ығысып қайта - қайта тығыла берді.
    — Өрт! — деді урядник ауылды қоныстан қуып шығара алмаған соң, лезде ауылдың әр жерінен қою қара түтінге бөленген қара күрең жалын жарқ етті. Өрт еріксіз айдап шыққан ауылдың аузындағы жалыннан да ыстық жалғыз сөз:
    — Қайран қоныс, хош бол!
    Бұл бейқам отырған ауыл еді. Өткен жазда болған болыс сайлауында, сол ауылдың біреуі, болыстыққа таласқан Тоқсанбайдың Сыздығы деген байға қарсы шыққан. Бірақ Сыздық выборнайларды11ақшамен сатып алып, сайлаушыға да пара беріп, болыстыққа сайланған. Қолына мөр тиіп, әкімшілік тізгінін ұстағаннан кейін, ол, өзіне қарсы ауылдардың берекесін кетіруді ең бірінші міндетім деп санаған. Сол жылы переселен управлениясы22ішкі Ресейдің қалаларынан көшірілетін переселендерге жер сұрағанда, Сыздық болыс кектенген ауылдарының ішіне қосып, осы ауылдың да жерін ұсынған. Кешікпей землемер кеп жерді өлшеген. Бірақ, ауылдың адамдары ол өлшеудің не өлшеу екенін түсінбей, қыстың жабдығын қамдап, бұрынғыша отыра берген.
    Күз, ауыл шапқан шөбін қорасына үйіп, қар ұшқындап қысқы үйіне кеп қонғанда, ызғарлы хабар кенеттен сап ете түсті:
    — Көшесіңдер!
    — Неге? — деп сұрады ауыл.
    — Үш - төрт жүз үй крестьяндар көшіп келеді, алды келіп те қалды. Бұл жерде енді солар отырады.
    — Біз қайтеміз?
    — Онда біздің жұмыс жоқ. Қайда барсаң — онда бар.
    — «Қой, олай болмас» деп ауыл бейқам отырғанда, арбалы, жаяуы аралас шұбырған крестьяндар кеп қалады.
    Сол күні урядник те келді, ауылды өртеп көшірді. Міне, бар оқиға осы!..
    Күз көшке әзірленбеген ауыл, урядниктің жыландай ысылдаған ызғарымен, мылқау өрттің лебіне шыдамай қонысынан қозғалғанмен, тез жиналып кете алмады, бес - алты шақырым ғана жерге жылжып, бас-аяғы жиналып ақылдасты.
    — Ал, қайда барамыз?
    — Қайдан білейік, қайда барарымызды!
    — Патшаға дейін іздену керек, — деді біреу.
    — Мынау анық былшылдап жоқты айтқаны несі? — деді екінші біреу ашуланып, — Пәлен мың шақырым Кетрампорға барып патшаға арыз берем деп жүргенде, мына еңкейген кәрі мен еңбектеген жас қырылып қалмай ма? Әуелі осыларға баспана табайық та. Қайда арыз беруді содан кейін ойланармыз.
    — Ол дұрыс, — деді біреулер,— бірақ бос тұрған қоныс ешқайда жоқ. Жиырма шақты үйміз. Қайда сиямыз?
    — Маңай ел ғой. Жұбымызды жазбаймыз деуге болмас, атқа мініп ауылдарды аралап, биыл қысша баспана іздеп бытырап орналасайық.
    — Осыдан басқа амал жоқ.
    Қатын - қалаш, бала - шаға қалың қарағайдың арасына тіккен күркелерде қалды да, еркек атаулы атқа мініп, маңайдағы ауылдарды аралап кетті. Еркек кіндіктен ауылда қалған жалғыз Баймырза.
    — Е, сен неге жүрмейсің? — деген сөзге оның берген жауабы:
    — Балам жоқ, соны іздеймін.
    — Қай балаң?
    — Нұрмағамбет.
    — Е, ол қайда еді?
    — Тай үйретем деп таңертең кетіп еді, содан тайы да, өзі де жоқ. Астындағы асау тай бір жерде өлтіріп кетпесе не қылсын!
    — Ертерек неге айтпадың, ел боп іздесетін?
    — Оған урядник болды ма! Есті жаңа жинап отырған жоқпыз ба?
    Баймырзада жалғыз тайдан басқа жылқы болмайтын еді. Одан басқа көлігі — жалғыз қоңыр шолақ өгіз.
    — Қатын? — деді ол, әйелі Қалампырға жұрт кеткен соң, — әлгі өгіз қайда екен, мініп баланы байқайын? Тай жығып өлтіріп кетті ме, әлде? Аман болса жарар еді!..
    — Күні бойы мінген өгіз, әлгінде ағытқаннан кейін отқа кетіп еді, ұзаса керек, маңайда көзге шалынбайды.
    Баймырза өгізді тауып алып келді.
    — Суарған жоқ па ең, бар болғыр!—деді Қалампыр өгізді көріп, — бүйірі ішіне кіріп кетіпті ғой? Бар, суар!
    — Жаңбырда өгіз су іздей ме?
    — Со да сөз бе? Бар, суарып кел!
    Ауылдың көлік ағытқан жері, өткен жыл, мекенін переселенге өлшеп, үйлерін көктемде көшірген ауылдың жұрты еді. Сол жұрттағы қалың бұйра талдың арасында құдық барын Баймырза біледі.
    Ол қарына шелек іліп, өгізін жетектеп жөнелді. Бұл кезде жаңбыр толастап, бұлт бытырай бастады. Бірақ желдің екпіні әрі күшті, әрі суық. Күннің батып бара жатқан белгісін батыстың жиегіндегі қызыл күрең бұлт білдіріп тұр.
    Тал арасындағы құдықтың жиегі опырылған, айналасы дөңес сары балшық екен. Баймырза шелекке таққан жібін қолынан сусыта бергенде, тереңдегі сасықтау сары судың иісін сезіп, шөлдеген өгіз де мұрнын шүйіріп, төмен еңкейді. Су толған шелекті Баймырза жоғары көтеріп еді, иығына біреу қаққан сияқтанды, қараса саз балшықтан сырғанап, өгізі құдыққа құлап барады...
    Сасып қалған Баймырза, шелектің жібін табанымен баса қойып, өгізді мүйізінен ұстай алды. Сырғанаған өгізді ол қайдан тоқтата алсын. Өгіз күп беріп құдыққа түсті де кетті; өгіздің екпіні Баймырзаның өзін де алып кете жаздады. Сонда да тірі жан, өгізі құдыққа құлай бергенде, ол жанталасты. Құдық белуардан шүпілдеген су. Басы төмен түскен өгіз табан аузында тұншығады. Жалғыз өгіз! Ол өлсе қайтпек?
    Жан - дәрмен Баймырза, өгіздің мүйізіне байланған кендір жіптен мықшия тартып, тұмсығымен құлаған судан жоғары шығарды.
  • Журсинбаева Гулнурhas quoted9 years ago
    БАЛУАН – ШОЛАҚ
    (Аңыз)
    Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
    Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын:
    Кешегі сентябрьдің базарында11
    Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
    Жиылып орыс - қазақ таң қалысты,
    Болды деп Қаһарманнан22мынау басым.
    Залок33сап жетпіс бес сом күрескенде,
    Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
    (Балуан-Шолақтың өз өлеңінен)
    «АЛЫП — АНАДАН ТУАДЫ»
    Ол ауылдың қыстауы Қайрақты көлінің жағасында, қалың орманның арасында еді.
    Қабағына қайғының бұлты оралып, кеудесін кернеген шерді, күркіреген күндей уһлеумен жеңілткісі кеп, көз жасы бұлақтай саулаған ауылды еліктегендей, я, қайғысына ортақтасқандай, сол күні күздің қара сұрғылт бұлты нөсерлей жауды, жел ышқына соқты.
    — Болыңдар! Жөнеңдер, тез! Жоғалыңдар! — деп ат үстінен айдаһардай ысқырған полицейский урядниктің сілтеген қамшысы бұлттан жарқыраған найзағайдай ирелеңдеп, талайдың арқасын тіліп түсті.
    Қасқыр талаған қойдай қызыл жон болған ауыл адамдары, басқа паналар жер жоқтай, полицейский сабап айдап шыққан қораларына ығысып қайта - қайта тығыла берді.
    — Өрт! — деді урядник ауылды қоныстан қуып шығара алмаған соң, лезде ауылдың әр жерінен қою қара түтінге бөленген қара күрең жалын жарқ етті. Өрт еріксіз айдап шыққан ауылдың аузындағы жалыннан да ыстық жалғыз сөз:
    — Қайран қоныс, хош бол!
    Бұл бейқам отырған ауыл еді. Өткен жазда болған болыс сайлауында, сол ауылдың біреуі, болыстыққа таласқан Тоқсанбайдың Сыздығы деген байға қарсы шыққан. Бірақ Сыздық выборнайларды11ақшамен сатып алып, сайлаушыға да пара беріп, болыстыққа сайланған. Қолына мөр тиіп, әкімшілік тізгінін ұстағаннан кейін, ол, өзіне қарсы ауылдардың берекесін кетіруді ең бірінші міндетім деп санаған. Сол жылы переселен управлениясы22ішкі Ресейдің қалаларынан көшірілетін переселендерге жер сұрағанда, Сыздық болыс кектенген ауылдарының ішіне қосып, осы ауылдың да жерін ұсынған. Кешікпей землемер кеп жерді өлшеген. Бірақ, ауылдың адамдары ол өлшеудің не өлшеу екенін түсінбей, қыстың жабдығын қамдап, бұрынғыша отыра берген.
    Күз, ауыл шапқан шөбін қорасына үйіп, қар ұшқындап қысқы үйіне кеп қонғанда, ызғарлы хабар кенеттен сап ете түсті:
    — Көшесіңдер!
    — Неге? — деп сұрады ауыл.
    — Үш - төрт жүз үй крестьяндар көшіп келеді, алды келіп те қалды. Бұл жерде енді солар отырады.
    — Біз қайтеміз?
    — Онда біздің жұмыс жоқ. Қайда барсаң — онда бар.
    — «Қой, олай болмас» деп ауыл бейқам отырғанда, арбалы, жаяуы аралас шұбырған крестьяндар кеп қалады.
    Сол күні урядник те келді, ауылды өртеп көшірді. Міне, бар оқиға осы!..
    Күз көшке әзірленбеген ауыл, урядниктің жыландай ысылдаған ызғарымен, мылқау өрттің лебіне шыдамай қонысынан қозғалғанмен, тез жиналып кете алмады, бес - алты шақырым ғана жерге жылжып, бас-аяғы жиналып ақылдасты.
    — Ал, қайда барамыз?
    — Қайдан білейік, қайда барарымызды!
    — Патшаға дейін іздену керек, — деді біреу.
    — Мынау анық былшылдап жоқты айтқаны несі? — деді екінші біреу ашуланып, — Пәлен мың шақырым Кетрампорға барып патшаға арыз берем деп жүргенде, мына еңкейген кәрі мен еңбектеген жас қырылып қалмай ма? Әуелі осыларға баспана табайық та. Қайда арыз беруді содан кейін ойланармыз.
    — Ол дұрыс, — деді біреулер,— бірақ бос тұрған қоныс ешқайда жоқ. Жиырма шақты үйміз. Қайда сиямыз?
    — Маңай ел ғой. Жұбымызды жазбаймыз деуге болмас, атқа мініп ауылдарды аралап, биыл қысша баспана іздеп бытырап орналасайық.
    — Осыдан басқа амал жоқ.
    Қатын - қалаш, бала - шаға қалың қарағайдың арасына тіккен күркелерде қалды да, еркек атаулы атқа мініп, маңайдағы ауылдарды аралап кетті. Еркек кіндіктен ауылда қалған жалғыз Баймырза.
  • Журсинбаева Гулнурhas quoted9 years ago
    Қасқыр талаған қойдай қызыл жон болған ауыл адамдары, басқа паналар жер жоқтай, полицейский сабап айдап шыққан қораларына ығысып қайта - қайта тығыла берді.
    — Өрт! — деді урядник ауылды қоныстан қуып шығара алмаған соң, лезде ауылдың әр жерінен қою қара түтінге бөленген қара күрең жалын жарқ етті. Өрт еріксіз айдап шыққан ауылдың аузындағы жалыннан да ыстық жалғыз сөз:
    — Қайран қоныс, хош бол!
    Бұл бейқам отырған ауыл еді. Өткен жазда болған болыс сайлауында, сол ауылдың біреуі, болыстыққа таласқан Тоқсанбайдың Сыздығы деген байға қарсы шыққан. Бірақ Сыздық выборнайларды11ақшамен сатып алып, сайлаушыға да пара беріп, болыстыққа сайланған. Қолына мөр тиіп, әкімшілік тізгінін ұстағаннан кейін, ол, өзіне қарсы ауылдардың берекесін кетіруді ең бірінші міндетім деп санаған. Сол жылы переселен управлениясы22ішкі Ресейдің қалаларынан көшірілетін переселендерге жер сұрағанда, Сыздық болыс кектенген ауылдарының ішіне қосып, осы ауылдың да жерін ұсынған. Кешікпей землемер кеп жерді өлшеген. Бірақ, ауылдың адамдары ол өлшеудің не өлшеу екенін түсінбей, қыстың жабдығын қамдап, бұрынғыша отыра берген.
    Күз, ауыл шапқан шөбін қорасына үйіп, қар ұшқындап қысқы үйіне кеп қонғанда, ызғарлы хабар кенеттен сап ете түсті:
    — Көшесіңдер!
    — Неге? — деп сұрады ауыл.
    — Үш - төрт жүз үй крестьяндар көшіп келеді, алды келіп те қалды. Бұл жерде енді солар отырады.
    — Біз қайтеміз?
    — Онда біздің ж
  • Журсинбаева Гулнурhas quoted9 years ago
    БАЛУАН – ШОЛАҚ
    (Аңыз)
    Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
    Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын:
    Кешегі сентябрьдің базарында11
    Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
    Жиылып орыс - қазақ таң қалысты,
    Болды деп Қаһарманнан22мынау басым.
    Залок33сап жетпіс бес сом күрескенде,
    Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
    (Балуан-Шолақтың өз өлеңінен)
    «АЛЫП — АНАДАН ТУАДЫ»
    Ол ауылдың қыстауы Қайрақты көлінің жағасында, қалың орманның арасында еді.
    Қабағына қайғының бұлты оралып, кеудесін кернеген шерді, күркіреген күндей уһлеумен жеңілткісі кеп, көз жасы бұлақтай саулаған ауылды еліктегендей, я, қайғысына ортақтасқандай, сол күні күздің қара сұрғылт бұлты нөсерлей жауды, жел ышқына соқты.
    — Болыңдар! Жөнеңдер, тез! Жоғалыңдар! — деп ат үстінен айдаһардай ысқырған полицейский урядниктің сілтеген қамшысы бұлттан жарқыраған найзағайдай ирелеңдеп, талайдың арқасын тіліп түсті.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)