Көршім бәріне дән риза жан немесе әзілкеш, қуақы біреу болса керек , үнемі жүзіне күлкі үйіріп, ширақ жүретін. Әдетінше, күлімдеп: «Ә-ә», – деді де. Кенет селк етіп: «Тым жас екенсің-ау?» – деп басын шайқады. Мен бесінші қабаттағы пәтерімнің терезесіне қарағанмын. Терезе пердесі толқып жабылғандай көрінді.