bookmate game
kk
Free
Сәкен Жүнісов

Ақан сері. II кітап

  • raiianaislamqyzyhas quoted2 years ago
    Намаз бен мешіт жетім – оқылмаса,

    Дәріске білсін қайдан отырмаса.

    Екінші, бұл дүниеде әйел жетім,

    Кезінде теңін тауып қосылмаса.

    Ер жетім – ақылсыздан әйел алса,

    Отырып от басында тақымдаса.

    Aт жетім – ерен жүйрік шабылмаса,

    Бойынан ащы тері алынбаса.

    Құс жетім – ерте түлек салынбаса,

    Салатын саятшысы табылмаса.

    Сахара, жайлау жетім, көлдер жетім

    – Қасына мұнарланып ел қонбаса.

    Таусылған кірер үй жоқ – кәрі жетім
  • raiianaislamqyzyhas quoted2 years ago
    Жарасар тең құрбысы табылмаса.

    Оныншы, бұл дүниеде ғалым жетім

    – Құр босқа алтын сөзі алынбаса.

    Тағы да, он бірінші, қалам жетім

    – Жазатын ерлері оның табылмаса.

    Тағы да, он екінші, қағаз жетім,

    Айшықты, алтын сөздер жазылмаса,

    Бәрінен, он үшінші, қазақ жетім,

    Қорқақтап жан-жағына алаңдаса.

    Ақан сері
  • raiianaislamqyzyhas quoted2 years ago
    казак деген сөздің анық-танығына орыс оқымысты шежірешілерінің өзі жете алмай жүр. Әйтсе де, әрқайсысының тұспалдауында жан бар: Грабинка деген шежіреші казакты бұрынғы скиф халықтарының аты Хазардан шығарады. Голубовский деген адам бұл – түріктің сөзі, "қолдың томында тұратын күндізгі, түнгі күзеттегі қарауылдар" дегенге тірейді. Енді біреулер моңғолша "қо" – сауыт, қорғаныш қалқан, темір жейде", "зах"—шек, шегара, яғни "шегараны қорғайтындар" деген сез, тағы біреулер, "қарақшы, кезбе, қаңғыбас" деген сөз деп дәлелдейді.
  • raiianaislamqyzyhas quoted2 years ago
    таңбада да нешетүрлі бір-біріне ұқсамайтын – белгілері болды. Мәселен, арғындардікі көз таңба, қыпшақтардікі – қос әліп, қоңыраттардікі – босаға, ал керейлердікі – ашамайлы.
  • raiianaislamqyzyhas quoted2 years ago
    қарауылдың ені, өзіңіз білесіз, қиық ен, атығайдікі – жүрекше ен, бәсентиындікі – солақ ен, қуандық елінікі – кез ен, қыпшақтардікі – көбінесе ойық ен, ім-м... қаржастардікі – байпақ ен... үшкіл ен, сыдыртпа ен, тілік ен, сота тілік ен, айшық ен
  • b9111895376has quoted2 years ago
    Анда-санда гүрілдеп күн күркіреп, iле күз аспаны шатыр-гүтір жарқ еткенде "Астағыпиралла" деп отырғандардың көздері алақтап, қайсыбірі нажағайдан қорқып, кеудесіне жарқыраған знагін баса қалады
  • Perida Narymbetovahas quoted3 years ago
    Кеудесіне қысып, бой бермеген Ақан, қанаты далақтаған құсының басы жұлынар болған соң, барып, қоя берді.
  • Хабыз Октябрьhas quoted3 years ago
    Құдай-ай, не жазығым бар? – деп, бір сөзді он қайталап жалынған ол, Нұртаза басылғанда барып, бешпенттен басын шығармай, әуелі өңірінен сығалап қарады.
  • b9438986518has quoted4 years ago
    Қайран, қазағым-ай, қолың кең, ырысың мол, жерің жаннат-ау. Әттең бір жұт дауылы соғып кетсе, қиралаңдап қалатын Су Құсайын секілдісің-ау. Өлгенің өліп, қалғаның қалып, аузың аққа тисе, кешегіңді бүгін ұмытып кетер не деген жайбарақат халықсың. Жатып ішіп, жалқау жылжуға үйренген, төтеден келер қияметқайым, қысастық пен қиянат болса, құдайдың жазуы деп, көнбістікке төселген не деген терісі кең салғырт жұртпыз"...
  • b9438986518has quoted4 years ago
    қанын сүлікше сорған нағыз сұржылан, әпербақан, кеппе, қуыс кеуде, есалаң, зердесіз, миғүла болыпты!
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)