Тұрар бүгін ерте оянды. Бірден жолдастары есіне түсті. «Ертең тауға шығайық, шаңғы тебейік, мектепке ертерек кел», ─ деген олар. Сол жайды ол кешіне шешесіне айтып еді. Әлпеш үлкен ала көзін баласына өткір қадап, тұрып қалған. Бұл оның: «Бармайсың, түнімен жөтеліп шықтың, ауырып қаласың», ─ дегені. Шеше мінезіне сыралғы бала оны жақсы түсінеді. Бір мезет ол: «Рас, жөтелсем, жөтелетін шығармын. Ұйықтап жатқанда, қорылдайсың десем, мамамның өзі де «кет әрі» деп, нанбайды ғой, кім біліпті», ─ деп күдіктенетін де.
Сонда да ол: «Қайтсем мамамның көңілін табамын», - деп түнімен ала көңіл болып