kk
Free
Сафуан Шәймерденов

Көршінің кесірі

  • b3150165342has quoted2 years ago
    Тұрар бүгін ерте оянды. Бірден жолдастары есіне түсті. «Ертең тауға шығайық, шаңғы тебейік, мектепке ертерек кел», ─ деген олар. Сол жайды ол кешіне шешесіне айтып еді. Әлпеш үлкен ала көзін баласына өткір қадап, тұрып қалған. Бұл оның: «Бармайсың, түнімен жөтеліп шықтың, ауырып қаласың», ─ дегені. Шеше мінезіне сыралғы бала оны жақсы түсінеді. Бір мезет ол: «Рас, жөтелсем, жөтелетін шығармын. Ұйықтап жатқанда, қорылдайсың десем, мамамның өзі де «кет әрі» деп, нанбайды ғой, кім біліпті», ─ деп күдіктенетін де.

    Сонда да ол: «Қайтсем мамамның көңілін табамын», - деп түнімен ала көңіл болып
  • b3150165342has quoted2 years ago
    ─ Айттым ғой көтере алмайсың деп... Мықты болсаң, мынаны көтерші. ─ Қамбар кабинадан екі басы шоқпарланып келген екі үлкен темір кесекті алып шықты.

    Мектептің спорт залында осыны Тұрардың талай көргені бар еді. Ересек балалар бірінен соң бірі алып, көтеретін де жататын. Сонда да қапелімде аты есіне түсе қоймады. «Мұның аты не? Білесің бе?» ─ деп сұрап қала ма деп қыпылдап тұр. Бірақ Қамбар оның атын сұрап жатпады.

    ─ Мықты болсаң, осы гантельдің бірін алшы, көрейін неше рет көтергеніңді, ─ деп өзі айтып жіберді, сөзі керімтал жатса да, Тұрар қуанып кетті. Іркілмей барып оң қолымен гантельді көтеріп алды. Көкке қарай ұшырта бастады. Бірақ бұл тынық күштің ғана қарқыны екен. Қары талып қалды. Зорға дегенде жетіге жеткізді.

    ─ Бәлі, ─ деді Қамбар екі қолына екі гантельді алып жатып. ─ Ал санай бер.

    ─ Бір... екі... үш... сегіз... он бес... жиырма... ─ Тұрар санаудан жалығып кетті. Қамбар болса, әуелгі бір баяу ырғақпен көтере берді.. Сонда оның есіне ертерек кезде үйіне су құбыры тартылмай тұрған кезде, келіп-кетіп жүретін бір студент қызға Әлпештің: «Бір шелекті қой, шырағым, екі шелекпен бар, көтеруге жеңіл болады», ─ дейтіні түсті. Қамбар тәсіл жасап тұр деп ойлады.

    ─ Екі гантельді бірден
  • b3150165342has quoted2 years ago
    Міне, енді завод гудогі де айқайлады. Таңғы сегіз болып қалса да, қыстың ұзақ түні енжар сейіліп, үй ішіне енді-енді ғана ала сәуле еніп келеді. Қарсы қабырғада ілулі тұрған әке-шешесінің жас кезінде бастарын түйістіріп түскен суретінің жалпы нобайы ғана көрінеді. Тұрар түрегелді. Анасының қасына әлденеше барды. Оята алмады. Батылы жетпеді. Айна алдына келді. Шешесіне тартқан үлкен ала көзін уқалады. Маңдайына үйіле түсіп тұрған кекілін жоғары қайырды. Көзінің алдындағы томпақ сүйегі екен. Ол да бұған мамасынан ауысқан. Бірақ мұрнын айт, иіліп келген қоңқақ мұрны нағыз папасының мұрнындай.
  • b3150165342has quoted2 years ago
    Бірден жолдастары есіне түсті. «Ертең тауға шығайық, шаңғы тебейік, мектепке ертерек кел», ─ деген олар. Сол жайды ол кешіне шешесіне айтып еді. Әлпеш үлкен ала көзін баласына өткір қадап, тұрып қалған. Бұл оның: «Бармайсың, түнімен жөтеліп шықтың, ауырып қаласың», ─ дегені. Шеше мінезіне сыралғы бала оны жақсы түсінеді. Бір мезет ол: «Рас, жөтелсем, жөтелетін шығармын. Ұйықтап жатқанда, қорылдайсың десем, мамамның өзі де «кет әрі» деп, нанбайды ғой, кім біліпті», ─ деп күдіктенетін де.

    Сонда да ол: «Қайтсем мамамның көңілін табамын», - деп түнімен ала көңіл болып жатты. Байқаусызда жөтеліп қалмауға тырысты.

    Міне, енді завод гудогі де айқайлады. Таңғы сегіз болып қалса да, қыстың ұзақ түні енжар сейіліп, үй ішіне енді-енді ғана ала сәуле еніп келеді. Қарсы қабырғада ілулі тұрған әке-шешесінің жас кезінде бастарын түйістіріп түскен суретінің жалпы нобайы ғана көрінеді. Тұрар түрегелді. Анасының қасына әлденеше барды. Оята алмады. Батылы жетпеді. Айна алдына келді. Шешесіне тартқан үлкен ала көзін уқалады. Маңдайына үйіле түсіп тұрған кекілін жоғары қайырды. Көзінің алдындағы томпақ сүйегі екен. Ол да бұған мамасынан ауысқан. Бірақ мұрнын айт, иіліп келген қоңқақ мұрны нағыз папасының мұрнындай.
  • b3150165342has quoted2 years ago
    Тұрар бүгін ерте оянды.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)